Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайраттың ұсталуына байланысты әдеттен тыс мәлімет таратты

941
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Су тасқыны кезінде халықты көмекке шақырып, қаржы жинаған Перизат Қайрат "қаржы жымқырды" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаржылық мониторинг агентігі Перизат Қайратты 1,5 миллиард теңге ұрлаған болуы мүмкін екенін хабарлады.

Агенттік Перизат Қайраттың ұсталуына байланысты әдеттен тыс көбірек мәлімет таратып отыр. Бұл мәліметтердің сот өтпей жатып жариялануы көптеген сұрақ туғызады. Агенттіктің ресми жариялаған ақпаратына қарағанда мынандай жайлар белгілі болған.

Перизат Қайрат аз уақытта:

  • Mercedes-Benz S450 — құны 88 миллион теңге;
  • Lexus LX-600 — құны 80 миллион теңге;
  • Haval — құны 39 миллион теңге тұратын көліктер сатып алған болуы мүмкін.

Қымбат көліктерден бөлек, Перизат «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» секілді элиталық тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығынан жылжымайтын мүлік сатып алғаны айтылады. Бұл мүліктердің жалпы құны 600 миллион теңгені құраған.

Сондай-ақ, оның Дубай, Доха, Лондон, Стамбұл қалаларына жиі барып, «St. Regis», «Shangri-La», «Palazzo Versace», «Kempinski» секілді бесжұлдызды қонақ үйлерде тоқтағаны хабарланған. Атақты «Cartier» мен «Louis Vuitton» брендтерінің әшекей бұйымдары мен аксессуарларын сатып алып, яхтада қыдырып, қымбат мейрамханаларда ас ішкені туралы да мәліметтер де тараған.

БАҚ-та тараған мәлімет бойынша, Перизат Қайрат — «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының басшысы. Ол көктемдегі ауқымды су тасқыны кезінде халықтың қайғысын айтып, президентке бейнеүндеу жолдаған.

Алайда ол видеоны көп ұзамай желіден өшірген.

Пікірлер