АЭС құрылысы. 45 млрд еуролық дау қашанға дейін жалғаспақ?

1320
Adyrna.kz Telegram

Польшада АЭС құрылысын қолдайтындар атом энергиясыны тығырықтан шығудың жолы ретінде атаса, бұл жобаға қарсылар қауіпісздік мәселесіне алаңдайды. Елде ядролық қалдықтарды сақтау жайы да шешілмеген. Соған қарамастан Польша билігі алдағы 10-20 жылда АЭС құрылысы бітіруге ниеттеніп отыр.   

Еуропа одағы 2050 жылға қарай әлемдегі алғашқы климаттық бейтарап аймақ болуды мақсат етіп отыр. Бұл мақсатқа жету үшін қазба отындарының, атап айтқанда, көмір, мұнай мен газдың қолданылуын азайту қажет. Алайда бұл оңай шаруа емес. Мысалы, Ресей 2024 жылы санкцияларға қарамастан, Еуропа Одағындағы бірқатар елдерге мұнай мен газды 22 миллиард еуроға сатқан.

БИЛІКТІҢ ШЕШІМІ

Еуропада жаңартылатын энергия көздерін пайдалану да артып келеді. Германияда жел мен күн энергиясының үлесі пайызға дейін өскен. Ал Польшада бұл жағдай қиын. Ел көмір өнеркәсібіне тым тәуелді.

Алайда, Польша да зиянды қалдықтарды азайту жолында белсенді қадамдар жасамақ. Бұл ретте, жаңартылатын энергия көздерімен қатар, атом энергиясын дамытуға да назар аударуда.

Польша билігі ел алғашқы атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Бұл бастаманы Еуропа Одағының кейбір елдері қолдамады.  Сондай-ақ,  экологиялық ұйымдар да атом энергиясына қарсы пікір білдіруде. Олар атом энергиясын пайдалануды дұрыс емес бағыт деп санайды.

АЭС салу жоспарланған орын Балтық теңізінің жағалауында, орман мен құмдауыт төбелердің арасында орналасқан. Польша бұл істі өте байыппен қолға алып, құрылыс орнын алдын ала дайындап, жұмыстарды бастап та кетті.

«Біз бұл шешімнің дұрыстығына сенеміз» - дейді өнеркәсіп министрлігі өкілі Войцех Врохна.

Ал Балтық теңізі SOS ұйымының өкілі Томаш Трибушевич атом энергиясына деген ұмтылыстарды толық ақымақтық деп атап өтті. Экологтар бұл жобаны сынға алуда.

«АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ – ЕСКІРГЕН ТЕХНОЛОГИЯ»

Мұнда атом энергиясын өндіру 10 жылдан кейін, яғни рекордтық мерзімде басталуы тиіс. Жобаның құны ресми деректер бойынша шамамен 45 миллиард еуро. Жергілікті азаматтық белсенділер 3 жыл бұрын АЭС салу жоспарлары белгілі болған кезде дереу қарсы шыққан.

«Меніңше, атом энергетикасы – ескірген технология. Қазір жаңартылатын энергия көздері сияқты басқа да заманауи әдістер бар. Сондай-ақ, бұл бағытта үлкен прогресс байқалуда» - дейді Балтық теңізі SOS ұйымының өкілі Ханна Трибушевич.

Балтық теңізі SOS ұйымының өкілдерінің айтуынша қазір АЭС құрылысы үшін ауқымды орман алқабы бөлшектеліп, жойылуда.

Польша көмірді қолданудан АЭС құрылысын салу арқылы бас тартуды мақсат етіп отыр. 2024 жылы Польшадағы электр энергиясының жартысынан көбі көмір электр станцияларында өндірілген. Бұл климат пен қоршаған ортаға теріс әсер етуде.

«Біздегі зерттеулер көрсетіп отырғандай, қазіргі Польша энергетикалық балансына атом энергиясы қажет. Себебі бұл энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» - дейді өнеркәсіп министрлігі өкілі Войцех Врохна.

«АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ – ДАРА ЖОЛ» 

Польшадағы АЭС мәселесі саяси сипатқа да ие. Үш жыл бұрынғы үкімет АЭС құрылысын жоспарлауды бастаса, ал қазіргі үкімет бұл жобаны қолдаудан бас тартып, оның салынатын жеріне антиядродық плакаттар ілген.

Су жағасындағы шағын Хочева қаласында пікір екіге бөлінген. Біреулер атом энергиясын қолдайды, ал кейбіреулер қарсы шығуда.

Польша бір кездері кеңестік үлгідегі атом электр станциясын салуды бастады. Бірақ 1990 жылдардағы елдегі наразылықтар мен Кеңес Одағының құлауы салдарынан бұл жоба тоқтатылды. Қазіргі уақытта жобаның орнында соның қалқиған қирандыларын көруге болады.

Бүгінде көптеген еуропалық елдер атом энергетикасынан бас тартты, мысалы, Германия мен Испания. Ал Италия 30 жылдық үзілістен кейін атом энергиясына қайта оралуды жоспарлауда. Польша мен Түркия осы салада еуропалық жаңашылдар ретінде атом энергетикасын дамытуға ниетті.

Алғашында АЭС құрылысын қолдамаған жергілікті фермерлердің қазір көзқарасы өзгерген. Олар атом энергиясын жалғыз балама ретінде қарастырып отыр.

«Көмір мен газды қолдануға болмайды, атом энергиясы – оны қолданбаудың дара жолы» - дейді фермер Йозеф Коширог.

ОТЫН ҚАЛДЫҒЫ ЖӘНЕ АЭС ҚҰНЫ

Жүргізілген сауалнамаға қарағанда поляктардың 90 пайыздан астамы АЭС құрылысын қолдайды делінеді. Дегенмен, бұл мәселеге қатысты бірнеше сұрақтар бар. Мысалы, радиоактивті қалдықтарды қайда сақтау керек екені әлі шешілген жоқ.

«Ұзақ мерзімді сақтауды қажет ететін ядролық қалдықтардың саны өте аз және бұл әлемдік масштабта маңызды емес. Мен бұл қалдықтарды қауіпсіз сақтау үшін терең қоймаларды табамыз деп сенемін», - дейді өнеркәсіп министрлігінің өкілі Войцех Врохна.

Жоспар өте ауқымды, бірақ Польшада атом энергетикасымен жұмыс істеу тәжірибесі жоқ. Жергілікті белсенділер жобаның қиындықтары жеткілікті түрде ескерілмеген деп күдіктенеді.

«Бұл атом электр станциясы айтылғаннан әлдеқайда қымбатқа түседі деп болжап отырмыз. Құрылысы 10 жыл емес, мүмкін 20 жылға созылады, ал ең жаман жағдайда одан да ұзақ уақыт алуы мүмкін», - дейді Балтық теңізі SOS ұйымының өкілі Агнешке Ольшевска-Грен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер