Таиландқа жұмысқа кеткен қазақстандықтар адам саудасының құрбаны болды

946
Adyrna.kz Telegram
Фото: vaticannews.va
Фото: vaticannews.va

Ақша табу үшін Таиландқа кеткен төрт қазақстандық адам саудасымен айналысатын қылмыстық топтардың құрбанына айналды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Дуне" АА-ға сілтеме жасап. 

Олар Мьянмада алаяқтық байланыс орталықтарында мәжбүрлі түрде жұмыс істеген.

Тек қазақстандықтар ғана емес, бұл жағдайға Өзбекстанның екі азаматы мен Қырғызстаннан келген сегіз адам да тап болған. Зардап шеккендердің барлығы дипломаттардың көмегімен елдеріне оралды.

Жәбірленушілердің айтуынша, оларға Таиландтан жоғары ақы төленетін онлайн жұмыс ұсынылған. Жол шығыны – тегін әуе билеттері де қарастырылған.

Алайда, Таиландқа барғаннан кейін оларды заңсыз жолмен Мьянмаға алып кеткен. Сол жерде олар қылмыстық топтардың бақылауында алаяқтық орталықтарда жұмыс істеуге мәжбүр болған. Жәбірленушілер физикалық қысым мен қоқан-лоққы көрген. Азат ету үшін айтарлықтай ақшалай өтемақы қажет болған.

Қырғызстанның Таиландта дипломатиялық өкілдігі болмағандықтан, Қырғызстан азаматтарын елге қайтаруға Қазақстан мен Өзбекстан дипломаттары көмек көрсеткен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер