Түркі саммиті. Ердоған ерте жетіп алды, қалғандары енді бармақ

307
Adyrna.kz Telegram

6 қарашада Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының 11 саммиті өтеді. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Түркісменстан, Түркия және Өзбекстан президенттері, Венгрия премьері және ТМҰ Бас хатшысы қатысады деп жоспарланып отыр. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5-6 қарашадағы Францияға мемлекеттік сапарынан кейін Бішкекке бармақ. 

Басшылар экономика, сауда, цифрлық трансформация, көлік және қауіпсіздік салаларындағы ТМҰ жобаларына қатысты ресми құжаттарды бекітпек.

Бүгін, 4 қарашада Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының 11-ші саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға сапарлады, деп хабарлаған ресми БАҚ.

Ол жергілікті уақыт бойынша сағат 13.20-да Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайынан ұшып кетті. Мемлекет басшысын  губернатор Давут Гүл мен басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

Бұған дейін Қырғызстан президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Мұратбек Азымбакиев сапар барысында Қырғызстан мен Түркия басшылары шағын құрамда кездесетінін мәлімдеген еді. Одан бөлек, стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі жоғарғы кеңестің алтыншы отырысын өткізілу жоспарланып отыр.

Түркия президенті бұл елге соңғы рет 2018 жылы барған болатын.

Пікірлер