Түркия Украинадағы бейбітшіліктің басты шартын атады

215
Adyrna.kz Telegram

Киев пен Мәскеу арасындағы бейбіт келісім Украинаның аумақтық тұтастығына негізделген болуы тиіс. Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Hürriyet газетіне берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол бұл соғыста Ресей Федерациясының да, Украинаның да ресурстары айтарлықтай таусылғанын атап өтті.

«Екі ел де жеңілгісі келмейді. Бүгінде түрік тарапы Украина мен Ресей билігі арасындағы байланыс нүктелерін іздеуді жалғастырып жатыр. Біз қос тараппен де ерекше қарым-қатынастамыз. Оларды тыңдаудан бас тартпаймыз. Десе де, дос шындықты айтады. Біз дәл солай істейміз»,—деді министр.

Фидан екі жақтың соғыстағы әлсіздігі 2025 жылы «күтпеген жаңа жағдайға әкелуі мүмкін» екенін мәлімдеп, бұл соғысты әділетті түрде тоқтатуға шақырды.

Пікірлер