Көліктегі 40 жылқыға полиция қорған болады

470
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Фото: Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

Қарағандыда мал ұрлығымен күресу мақсатында орнатылған бақылау-өткізу бекетінде ұрланған жылқыларды тасымалдаған жүк көлігі ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Оқиға 2 қараша күні сағат 04:00 шамасында болған. Полицейлер 57 жастағы жүргізуші басқарған КАМАЗ жүк көлігін тексеру үшін тоқтатқан. Оның жанында 57 жастағы қала тұрғыны мен 29 жастағы ұлы болған.

«Көлікті тексеру кезінде 40 жылқы табылды, жүргізушінің айтуынша, олар 57 жастағы жолаушыға тиесілі. Алайда, бұл азамат жануарлардың меншігін растайтын құжаттарды көрсете алмады. Тексеру барысында жылқылардың Ақтоғай ауданының қыстауларынан Қарағандыға сатуға жеткізілмек болғаны анықталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Криминалдық полиция қызметкерлері жануарлардың суреттерін Ақтоғай аудандық бөліміне және жергілікті ауыл тұрғындарына арналған чаттарға жіберді. Суреттерді көрген ауыл тұрғындарының бірі, аттардың арасында өзіне тиесілі екі жылқыны танып, бірден полицияға хабарлады.

Қазіргі уақытта барлық жануарлар полицейлердің қорғауымен Үштөбе ауылындағы ат қораға уақытша ұстауға жеткізілді.

Қылмыстық іс қозғалып, басқа жәбірленушілерді, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар  адамдарды анықтау мақсатында тексеру жалғасуда.

Пікірлер