Қарашада Кенесары ескерткіші тұғырдан алынып, жөнделмек

1031
Adyrna.kz Telegram
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада Кенесары хан ескерткішіне жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында 2024-2025 жылдары Есіл өзенінің жағасында орналасқан Кенесары хан ескерткішін қайта жаңғырту жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Ғылыми-техникалық тексеру қорытындысы бойынша нысан қауіпті деп танылды.

Ақпаратқа сәйкес, нысанды демонтаждау 2024 жылдың қарашасында басталады. Нысанның өзі қайта жөндеуден кейін 2025 жылдың көктемінде орнына қайтарылады деп жоспарлануда.

Қайта құру келесі жұмыстарды қамтиды: мүсінді бөлшектеу және оны кейіннен қалпына келтіру, тұғырды және оның айналасындағы аумақты бөлшектеу, сонымен қатар құрылымды кейіннен орнату және тұғырды қаптау материалымен әрлеу.

 

Пікірлер