Астанадағы ЛРТ аумағында өрт шықты

385
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Астанада салынып жатқан ЖРК (ЛРТ) учаскесінде өрт шықты – бағаналардың аралықтары арасындағы қалыптар өртенген. Өртсөндірушілер тілсіз жаудың бетін қайтарды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Бүгін Алматы ауданында "Нұрлы Жол" теміржол вокзалының маңында салынып жатқан ЖРТ (ЛРТ) бағаналарының аралықтары арасында қалып жанып кетті", - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ күштері 30 шаршы метр аумақтағы өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Пікірлер