Өскеменде дәмханада ілінген “адам мүрдесі” көпті шошытты

1340
Adyrna.kz Telegram
Фото: CMN.kz
Фото: CMN.kz

Өскеменде қала орталығындағы дәмхана алдына мүрде кейпіндегі муляж ілінген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Желіні шулатқан адам мүрдесі бейнесіндегі муляжды кәсіпкер хэллоуин мерекесі алдында әдейі іліп қойған.

Дәмхана иесіне  айыппұл салынды.

«Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 29 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді ол 30 АЕК (110 760 теңге) көлемінде айыппұл төлейді», - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Пікірлер