"Қалада маньяк пайда болды". Желіде жалған ақпарат тарады

3403
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Әлеуметтік желідегі ақпаратта "маньяк пайда болды" деген ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы YK-news.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша "адам өлтіруші Өскемен қаласында" деп көрсетілген.

Тараған ақпаратта"соңғы күндері бірнеше адамның денесі табылды. Олардың барлығы – әйелдер" деп көрсетілген. ШҚО полициясы ақпараттың жалған екенін хабарлап, тұрғындарды алаңдамауға шақырды.

Ал ел ішінде тараған бұл ақпаратқа Өскемендегі саяжайлардың бірінің шетінен 45-50 жас аралығындағы белгісіз әйелдің мәйіті табылғандығы себеп болған.

"Таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Халыққа бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғандығын ескертеміз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер", - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Пікірлер