"Сыраны бүгініміз бен ертеңіміз жарқын болуы үшін қайнатамыз". Депутат жарнаманы сынады

1267
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Өскемендегі жарнаманы сынады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Өскемен қаласында ілінген сәтсіз жарнаманы желідегі парақшасына жүктеген депутат министрліктен шара қолдануды сұрады.

«Сыраны бүгініміз бен ертеңіміз жарқын болуы үшін қайнатамыз» деген жарнаманы қараңызшы. Елді дүр сілкінткен Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың өлімі дәл осы бір шөлмек сырадан болып отырған жоқ па?! Қайдағы жарқын өмір, бүгініміз қорқынышқа, ертеңіміз белгісіздікке толы болса?! Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің назарына! Мынадай жарнамаға жол берілмеуі керек. Қай заманнан бері сыра қайнату бізге жарқын өмір сыйлаған? Керісінше, өмірмен қоштасып жатқандар жетерлік. Бұл жарнама Өскемен қаласындағы Өтепов көшесі, 27-үйде ілінген. Шұғыл шара қолдануды сұраймын, – деді депутат Дәулет Мұқаев.

Пікірлер