Дариға, «Думан». Қонақ үй Назарбаеваның уысынан шығарылды

260
Adyrna.kz Telegram
фото: 2gis
фото: 2gis

Астанадағы «Думан» қонақ үйі Дариға Назарбаеваға қатысы бар компаниядан алынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС балансына жалпы сомасы 89,9 млрд теңгені құрайтын 70 актив (соның ішінде 2,8 млрд теңгенің зергерлік бұйымдары) берілді. Бұл – тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, «Думан» қонақ үй кешені, заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестері («Жаркент су», «Тұлпар», өндірістік база, асхана, жанар-жағармай құю станциясы, жер телімдері, аяқталмаған құрылыс және т.б.”- деп хабарлады қайтарылған активтерді басқару баспасөз қызметі.

Қазақстанда төрт актив сатылды: Астанадағы екі қабатты тұрғын үй, сондай-ақ Алматыда үш актив (Байтұрсынов көшесі, 46-дағы әкімшілік ғимараты; Наурызбай ауданындағы Байтақ ықшам ауданындағы жер учаскесі және «Орион» Бизнес орталығы).

Шетелде екі автокөлік (Aston Martin, Rolls-Royce) Біріккен Араб Әмірліктерінде және Түркияда үш мүлік (Мугла провинциясы, Бодрум, Гекчебел ауданындағы екі тұрғын үй және Стамбұлдағы пәтер) сатылды.

«Азаттық Радиосы» бұрын «Армания» ЖШС-ның соңғы иелері 2014 жылы «Думан» қонақүйін сатып алған, Кайрат Шәріпбаев пен Дариға Назарбаевамен байланысы барын анықтаған болатын.

2014 жылдың жазында қонақүй 14 миллиард теңгеге саудалауға шығарылды.

Пікірлер