88 жастағы Нұрғали Нүсіпжановті «Еңбек Ері» атағына ұсыну туралы айтылды

2481
Adyrna.kz Telegram

5 қаңтарда халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 88 жасқа толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Аңыз әншіні өнердегі әріптестері құттықтап, тілектерін жаударды. Ақжарма тілегін білдірген белгілі журналист Марат Байділдәұлы Нұрғали Нүсіпжановтың «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алмаған мәлімдеді.

«Осыдан екі жыл бұрын Нұрағаңа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы мемлекет басшысының атына хат жазып, осы атақты алған Асанәлі Әшімовтен бастап, Дулат Исабеков, Мұхтар Шаханов, Роза Рымбаева, Аягүл Миразова сияқты бес қайраткерге қол қойғызып жіберіп едік. Өкінішке қарай, ұсыныс өтпеді. Алла тағалам Нұрғали ағама ұзақ өмір берсін! Құдай қаласа енді екі жылдан кейін 90 жылдығында бұйырар! Соған бәріміз аман-есен жетейік!»—деді ол.

Нұрғали Нүсіпжанұлы 1937 жылы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Ол — Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері.

Пікірлер