Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығы Қазақстан атом саласы қызметкерлері күніне орай мурал ашты

891
Adyrna.kz Telegram

 4 қазан Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығы (AIDA) Астана тұрғындары мен Қазақстанның барлық атом саласы қызметкерлеріне атом саласы қызметкерлерінің еліміздің өркендеуіне қосқан үлесіне арналған жаңа суретті ұсынды. 

Мурал 28 қыркүйекте өткен Атом қызметкерлері күніне орай ашылды және атом саласы қызметкерлерінің еңбегін мойындауды білдіруге, сондай-ақ олардың Қазақстанның экологиялық таза және прогрессивті болашағының игілігі жолындағы тұрақты жұмысын көрсетуге арналған.

Аумағы 710 шаршы метрді құрайтын мурал Астананың Алматы ауданындағы бір үйдің қабырғасын безендіреді. Бейненің орталық элементі – аспанда қалқып тұрған бейбіт атомның символы. Қолдар адамзаттың өз даму мақсаттарына жету үшін атом энергиясын игеруге және қауіпсіз пайдалануға деген ұмтылысын білдіретін осы рәмізге созылады.

Мурал қала өмірі мен табиғаттың заманауи элементтерін бейнелейді. Суретте бейнеленген қаланың іскерлік орталығы жаңашылдықтың динамикасын және ұмтылысын ерекше атап өтеді, ал жасыл өсімдіктердің бейнесі қоршаған орта мен экологиялық әл-ауқатқа қамқорлық жасауға бағытталған. Сондай-ақ, мурал өзінің сұлулығымен және серпінділігімен танымал Астана аспанын бейнелейді.

«Ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп жатқан Қазақстандағы атом саласы қызметкерлерінің еңбегін атап өту біз үшін өте маңызды. Бұл мурал қала кеңістігінің жарқын элементі ғана емес, сонымен қатар өз еңбегімен Қазақстанның қауіпсіз және экологиялық таза болашағына жол салып жатқандарға көрсетілген құрмет. Атом өнеркәсібі сөзсіз Қазақстанның өткені, бүгіні және болашағының бір бөлігі болып табылады», — деді AIDA төрағасы Алдияр Тоқтаров.

Атом өнеркәсібін дамыту қауымдастығы Қазақстандағы атом өнеркәсібінің дамуына қолдау көрсетуді жалғастырып, экологиялық таза энергия көздерін және ел мен әлемді алға жылжытуға көмектесетін инновациялық технологияларды танымал етуге жәрдемдеседі.

Пікірлер