Иран президенті ел астанасын Тегераннан көшіруді ұсынды

1226
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТАСС
Фото: ТАСС

Иран президенті астананы оңтүстікке көшіру мәселесін қозғады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС-қа сілтеп.

Масуд Пезешкиан ислам мемлекетінің астанасын Тегераннан Парсы шығанағы жағалауына көшіру мәселесін қозғады.

"Бізде экономикалық және саяси орталықты елдің оңтүстік жағалауына көшіргеннен басқа амал жоқ", – деді Иран басшысы.

Иран басшысы астананың көшуі бәсеке қабілеттілігіне қатысты болмақ.

"Шикізатты оңтүстіктен және жағалаудан орталыққа жеткізіп, дайын өнім шығару және оны экспортқа шығару үшін қайтадан оңтүстікке жөнелту біздің бәсекеге қабілеттілігімізді кемітіп отыр", – деді Иран президенті.

Пікірлер