Сенат депутаты АЭС-ті бұрынғы полигон маңына салуды ұсынды

1029
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Энергетика министрлігі
Сурет: Энергетика министрлігі

Сенат депутаты Андрей Лукин АЭС-ті қай жерге салу керегін ұсынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Үкімет басшысына жолдаған сауалында Лукин атом электр станциясын Абай облысы Курчатов қаласында салуды ұсынып, пікірін білдірді.

Депутаттың айтуынша, Семей ядролық полигоны болған уақытта атом энергетикасы бойынша ғылыми орталықтар жұмыс істеген. Ал бұл орталықтар әлі жұмысын жалғастыруда.

Тіпті, қала бюджетінің тең жартысы осы ғылыми нысандардың салықтық түсімдерімен толығып отыр.

«Атом энергетикасын дамытуда Курчатов қаласының рөлі маңызды. Қала сейсмикалық тұрақты аймақта орналасқан, дамыған желілік инфрақұрылым бар және энергетикалық қуатты апаттық жағдайда резервке алу мүмкіндігі жоғары. Станция салуға ғылыми-техникалық қолдау көрсететін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, радиоактивті қалдықтарды сақтауға қажетті ресурстар жеткілікті, су тапшылығы да болмайды», – деді депутат.

Пікірлер