Растамады - жоққа да шығармады. Бозымбаев өзгелерді "өсек" тыңдамауға шақырды

1174
Adyrna.kz Telegram

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев журналистерге өсек тыңдамауға кеңес берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Журналистің “Бұған дейін сіз премьер-министр болады деген әңгіме көп айтылды. Бұған өзіңіз не айтасыз?” деген сұрағына Қанат Алдабергенұлы “Мен сізге кеңес берейін. Таңертең төсектен тұрғанда өсек тыңдамаңыз” деп жауап берді.

Айта кетсек, Қанат Бозымбаев су тасқынынан кейін премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындалып, тасқынның салдарын жоюға жауапты адам болды.

Олжас Бектенов қызметінен кетеді деген сыбыс тарағанда интернетте премьер-министрдің кім болатыны туралы болжамды ақпараттар жазылды.

Интернетте тараған мәліметке қарағанда, Олжас Бектенов президент Тоқаевқа қызметінен босатып, қауіпсіздік блогындағы жұмысына қайтару туралы өтінішпен жүгінгеннен кейін, оның орнына премьер-министрдің орынбасарлары Роман Скляр мен Қанат Бозымбаевтың біреуі болатыны айтылған.

Әсіресе, мемлекет басшысының сеніміне ие болғандықтан, Бозымбаевтың жоғарылау мүмкіндігі жоғары екені де айтылған. Оған қоса, ол соңғы екі жылда қазақстандық ірі бизнесмендермен қарым-қатынасқа қатысты бірқатар тапсырмаларды орындаған еді. Биылғы су тасқыны кезінде қазіргі қызметіне тағайындалған Бозымбаев биліктегі белсенділігімен белгілі бола бастаған.

Пікірлер