Премьер-министр жаңа министрге қандай міндет жүктеді?

237
Adyrna.kz Telegram
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов ұлттық экономика министрлігі ұжымына жаңа министр Серік Жұманғаринді таныстырды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Олжас Бектенов бүгін Нұрлан Байбазаровқа Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі ретінде атқарған жұмыстары үшін алғыс айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Ол жаңа министр Серік Жұманғаринді таныстыру барысында Үкімет басшысы ведомствоның алдағы кезеңдегі басым міндеті мемлекет басшысының экономиканың серпінді өсімін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау екенін атап өтті.

Саланың жаңа басшысына экономикадағы құрылымдық өзгерістер, бюджеттік-салық саясатының тиімділігі мен бюджет параметрлерін болжау деңгейін арттыру бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар, басым салалардағы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық экономика министрлігіне бизнесті қолдаудың теңгерімді саясатын және тарифті реттеудің теңгерімді саясатын жүргізу міндеті қойылды.

Пікірлер