Қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Иранда көмір шахтасы жарылды

1203
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

Иранда көмір шахтасы жарылып, 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Иранның Табас қаласындағы көмір шахтасында метанның жиналуы салдарынан күшті жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 30 адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алған. Одан бөлек, әлі 24 адам шахта туннельінде қалып қойған.

Ал 28 ирандық өз бетімен қашып үлгерген.

Иран президенті Масуд Пезешкиан шахтада қалған кеншілерді құтқару және олардың отбасыларына көмек көрсету үшін бар күш-жігерді салуды бұйырды.

Елде тау-кен апаты соңғы рет 2013 жылы болып, 11 жұмысшы қаза тапқан болатын.

Айта кетейік, 31 тамыз күні сағат 17:30-да болған Шығыс Қазақстандағы "Востокцветмет" ЖШС шахтасында төрт адам қаза тапқан.

18 қыркүйекте «Алтыналмас» акционерлік қауымдастығының Жамбыл облысындағы тау-кен байыту кешендерінің бірінде тау жыныстары құлап, бір жұмысшы үйінді астында қалып қойған.

Пікірлер