Ресей Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге ниетті

979
Adyrna.kz Telegram
фото: ТАСС агенттігі
фото: ТАСС агенттігі

Ресей Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ТАСС агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің Ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері комитетінің вице-президенті Игорь Павлюк айтты.

Биылғы Қазақстанда өткен көшпенділер ойындарында Ресей құрамасы жалпы медальдар саны бойынша үшінші орынды иеленді. Ойындар екі жылда бір рет өтеді. Келесі ойындарды Қырғызстан қабылдайды.

"Бізде ойлануға уақыт бар, - деді Павлюк, - Ойындарды өткізу құқығына ие болмас бұрын, реттеу деңгейінде тұрған бірқатар мәселелерді шешу керек. Біз әрине дайынбыз, егер Ресейде қандай да бір іс-шара өткізілетін болса жастар айтқандай ол әрқашан овертоп болатыны сөзсіз" дейді ол.

Мемлекеттік Думаның ұлттар істері жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Гильмутдинов Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде «бірқатар республикалардың жоғары лауазымды тұлғалары Қазақстанға келіп, кіру перспективаларын талқылады» деп атап өтті.

Еске сала кетейік, биыл бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана қаласында өтті. Қазақстанның ұлттық құрамасы 44 алтын, 33 күміс, 37 қола жүлде алып, командалық есепте бірінші орынға ие болды.

Пікірлер