Ризабек Айтмұқан үш дүркін әлем чемпионы атанды

2004
Adyrna.kz Telegram
Сурет: olympic.kz
Сурет: olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Албанияда өтіп жатқан жастар арасындағы (U23) әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

27 қазанда отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта белдесіп, финалда ирандық қарсыласын айқын жеңді. Осылайша 20 жастағы  қазақстандық спортшы  өз мансабында үшінші мәрте әлем чемпионы атанды.

Еске салайық, Ризабек Айтмұхан былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған болатын.

Пікірлер