Алматы облысында балабақша өртенді

280
Adyrna.kz Telegram
фото: ТЖМ баспасөзінен
фото: ТЖМ баспасөзінен

Талғар ауданында 154 шаршы метр аумақты құрайтын балабақшаның шатыры мен қайта жөнделіп жатқан қабырғасы өртке оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Бүгін Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында мектепке дейінгі білім беру мекемесінің шатыры өртенді. Өрт қайта салынып жатқан тұсына жайылып, жалпы өрт аумағы 154 шаршы метрді құрады», - делінген сәрсенбідегі хабарламада.

Өрт кезінде ғимаратта төрт адам болған, олар қауіпсіз жерге көшіп үлгерген. Өрт сөндірушілер өртті толығымен сөндірді, зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығуына өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған.

Пікірлер