"Ескі Қазақстан құрбандары" қозғалысының белсенділері жеке комитет құратынын айтты

172
Adyrna.kz Telegram
Фото: orda.kz
Фото: orda.kz

Қыркүйектің 19-ы күні «Ескі Қазақстан құрбандары» қозғалысының белсенділері баспасөз мәслихатын өткізіп, активтерді өндіріп алу үшін қоғамдық комитет құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.

Баспасөз мәслихатында қоғам белсендісі Жарқын Күрентаевтың айтуынша, Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару жөніндегі комитетке шағымданатын негізгі мәселе – оның есептері екенін айтты.

«Комитет ұсынған есептердің толық емес екенін және құпиялық деңгейіне байланысты екі рет тексеруге болмайтынын көріп отырмыз. Ал бұл құпия сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады. Қоғамның активтерді қайтару туралы өтініші бар екенін ескере отырып, біз өзіміздің қоғамдық комитетімізді құрып жатырмыз», - деп түсіндірді Күрентаев.

Олар келесі схема бойынша жұмыс істеуді жоспарлап отыр:

«Біз қазірдің өзінде кейбір мәжілісмендерден, негізінен бір мандатты депутаттардан қолдау алдық», - дейді Жарқын Күрентаев.

Қоғамдық комитет ай сайын өздері қараған істер бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беруді жоспарлап отыр.

Депутат Ермұрат Бапи желідегі парақшасында:

"Әртүрлі схемамен елден жылыстатылған активтерді қайтару кампаниясына сәйкес қоғамдық қозғалыс басталды! Мемлекеттік органдардың жұмысына көңілі толмаған азаматтар ҚР Үкіметі жанындағы активтерді қайтару комиссиясы (премьер Олжас Бектенов) мен ҚР Бас прокуратурасының (Берік Асылов) Активтерді қайтару комитетіне (Нұрдаулет Сүйіндіков) қоғамдық көмек көрсетпек ниетте!" - деп жазды.

Пікірлер