Еркін Дүсіпов: Жаңа оқу корпусының берілуі – QyzPU үшін тарихи оқиға

2660
Adyrna.kz Telegram

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне мемлекет тарапынан жаңа ғимарат заңды түрде пайдалануға берілді. Бұл туралы университет ректорының міндетін атқарушы Еркін Дүсіпов БАҚ өкілдерімен кездесуде айтты.

2024 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Журналистерге жоғары оқу орнының ғимаратында тур өткізіліп, зертханалар, мұражай, арт галерея таныстырылды. Бас корпустан кейін университеттің жаңа корпусына тур жасалды. 80 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1986 жылдан бері алғаш рет Алматы қаласының орталығында оқу ғимаратына ие болды. Мемлекеттен берілген оқу ғимаратының ауданы 12 000 шаршы метрден асады.

Баспасөз туры барысында журналистерге QyzPU ректорының міндетін атқарушы Еркін Дүсіпов оқу орнының жетістіктері мен даму преспективалары туралы ақпарат берді. Проректор қонақтарды заманауи білім беру алаңдарымен, сондай-ақ университетте білім беру процесіне енгізіліп жатқан заманауи әдістермен таныстырып, алға қойған жоспарлармен бөлісті.

«80 жылдық мерейтой қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне жаңа оқу корпусының берілуі QyzPU ұжымы үшін тарихи оқиға болды. Жаңа ғимарат университетке шілде айынан бастап заңды түрде пайдалануға берілді. Қазіргі таңда үшінші, төртінші, алтыншы қабаттарда хореография, педагогика, психология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша оқу жүріп жатыр. Болашақта магистранттар мен докторнаттарды да осы ғимаратта оқытуды жоспарлап отырмыз. Білім ордасында жалпы саны 12005 студент бар. Биыл 1 курсқа 5000-ға жуық студентті қабылдадық. Білім алушыларға жағдай жасау – біздің міндетіміз», – деді проректор.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жаңа ғимаратқа тағы да заманауи құрал-жабдықтар алынады.

Пікірлер