WRO–2024: «Жер-Ана қамқоршылары»

2926
Adyrna.kz Telegram

WRO - 2024 халықаралық олимпиадасының Республикалық кезеңінде Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үш мәрте жеңімпаз атанды.

Роботтар жарысы NIS Алматы базасында өтті. Байқауға еліміздің түпкір түпкірінен 272 оқушы қатысты. Екі күн бойы 136 команда RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers санаттарында бақ сынады.

6 - сынып оқушылары Алинур Ринатұлы, Нұрали Нұржан Future Innovators Elementary санатындағы "Scorpius" Робот тазалаушысын көрсетті. Әзірлеушілердің айтуынша, жоба қала көшелеріндегі тұрмыстық қоқыстарды тазалауға арналған.

Қоқыс адамзаттың маңызды мәселелерінің бірі. Барлық қалалардың көшелерінде көптеген қоқыстар бар, олар инфекциялар мен зиянкестердің таралу орталығына айналады. Біздің робот Коммуналдық қызметтерге көмекке келе алады. Оның қоқыс жинайтын щеткасы мен контейнері бар. Робот тазалаушы прототип сатысында, бірақ қазір ол ұсақ қоқыстарды жинай алады, - деп түсіндірді оқушылар.

Ормандарды қалпына келтіру үшін автономды роботты 11-12 сынып оқушылары Инкар Құрманбаева мен Айым Бауыржанқызы құрастырған. Олар Future Innovators Senior санатында өнер көрсетті. Бір циклде робот 60 көшет отырғыза алады. Робот кез-келген топырақта жұмыс істей алады және шынжыр табанды шассидің арқасында күрделі рельефте жүре алады.

 Бұл жоба - толық өлшемді, дайын робот, оны дәл қазірр практика жүзінде орман отырғызу қажет жерлерде қолдануға болады. Роботты басқару жасанды интеллект негізінде автономды түрде жүзеге асырылады, — дейді әзірлеушілер.

Айта кетсек, бұл жоба тек ағаш отырғызып қана қоймай, орманның қалай өсетіні туралы болжам жасайды, сонымен қатар табиғатты қоқыстардан тазартады. Егер қоқыс табылса, робот автоматты түрде манипулятордың көмегімен қоқысты жинайды.

10 - сынып оқушылары Сержан Қадылбек, Ақниет Молдакерімов Future Innovators Junior санатында жоғары пилотажды көрсетті.

Зияткерлер құтқару робот қайығын жасады. Жоба катамаран қайығының прототипі болып табылады, ол жасанды интеллект арқылы қиындықта қалған адамдарды автоматты түрде таба алады және жылжымалы баспалдақтар арқылы оларды судан немесе шатырдан шығарып құтқара алады. Қайықтың бортында алғашқы көмек құралдары бар.

Осы көктемде Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынына тап болды, көптеген елді мекендер толығымен су астында қалды. Робот су басқан елді мекендерді автономды түрде күзетіп, адамдарды құтқара алады, — деп қорытындылады жоба авторлары.

Айта кетсек, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ – 2014 жылдан бері World Robot Olympiad халықаралық робототехника олимпиадасының Қазақстандағы Ұлттық ұйымдастырушысы. 10 жыл ішінде NIS еліміздегі робототехника саласының дамуына және отандық командалардың халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне айтарлықтай үлес қосты.

 

Пікірлер