NIS Талдықорған мұғалімдері ЕCER 2024 халықаралық конференциясына қатысты

3246
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ағылшын тілі мұғалімдері Әсел Меңлібаева мен Айнұр Рысбаева жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен білім беру саласында мыңдаған зерттеушілерді жинайтын ECER 2024 халықаралық конференциясына қатысты.

Биыл ЕCER конференциясы Кипрде өтті. Никосияға өз елдерінің тәжірибесін ұсыну үшін 70 елден 2000-нан астам қатысушы келді.

Зияткерлік мектеп мұғалімі Айнұр Рысбаева «Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімдерінің сабақтарға өзара қатысудағы көзқарастары мен тәжірибесі және осы процестің олардың кәсіби дамуына әсері» атты баяндама жасады.

 Бұл зерттеуде мен бірнеше жыл жұмыс істедім. Кәсіби өсуге, қолдауға және жаңа стратегияларды үйренудің пайдасына бағытталған мектеп мәдениетінің арқасында мұғалімдер өзара қарым-қатынасқа оң көзқараспен қарады. Бұл әдіс сабақтың өзіндік талдауын дайындау міндетін шешуге, өз қызметін зерттеу, өз еңбегінің тиімділігін анықтау, білім беру процесін қайта құру және жақсарту үшін мотивтер, қажеттіліктер мен мүмкіндіктер жасау қабілетін дамытуға көмектесті, - дейді Айнұр Рысбаева.

Зияткерлік мектептің ағылшын тілі мұғалімі Әсел Меңлібекова да инклюзивті білім беруді жүзеге асырудағы көшбасшылық тәжірибелер мен стратегиялар туралы өз зерттеуін ұсынды. Сонымен қатар ол EERA стипендиясының иегері атанды.

 ECER 2024 конференциясына қатысу – ол қызықтыратын тақырыпты жаңа, тереңірек деңгейде зерттеу мүмкіндігі. Кәсіби тәжірибемен бөлісуге дайын қызықты адамдармен сөйлесу. Оқытушылармен жеке байланыс орнату мүмкіндігі. Мектептегі білім беруді жақсарту, оны халықаралық білім беру стандарттарына сәйкестендіру және оны бәсекеге қабілетті әрі тартымды ету үшін осындай конференцияларға қатысу қажет, - деді Әсел Меңлібаева.

ECER (European Conference on Educational Research) — Еуропалық білім беруді зерттеу қауымдастығы (EERA) ұйымдастыратын жыл сайынғы халықаралық конференция. ECER-бұл әртүрлі елдердің ғалымдары, зерттеушілері мен практиктері үшін инклюзия, оқытудың инновациялық әдістері, білім беруді цифрландыру, білім беру саясаты, педагогикалық тәсілдер және т.б. сияқты білімге қатысты тақырыптардың кең ауқымын талқылайтын алаң.

Пікірлер