Электр қуаты, жылу және су. Президент Жолдауынан кейін не өзгерді?

1005
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы өткен жылы 1 қыркүйекте халыққа Жолдау жасап, бірқатар маңызды жұмыстар туралы бөліскен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауынан:

«Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды. Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. Онда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттары ескерілуі керек», - деген болатын.

Нәтижесінде 2029 жылға қарай ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 15%-ға төмендетуді қамтамасыз ету, энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру үшін шаралар әзірленді.

512 кәсіпорынға энергетикалық аудит жүргізу мен автоматтандырылған жылыту пункттерін (АЖП) орнату, 5 мың көппәтерлі тұрғын үй кешені, 15 705 бюджеттік сектор нысанын және 1 000 коммерциялық ғимаратты жарықтандыруды жаңғырту шаралары әзірленді.

Жолдау аясында коммерциялық объектілер бойынша энергия тұтыну нормативтері бұйрығының жобасы әзірленді. Ал оны қабылдау коммерциялық кәсіпорындар үшін белгіленген нормативтерді сақтау үшін объектілерді жаңғыртуды жүргізуге ынталандырушы әсер етеді.

Сондай-ақ, Қазақстандық талаптарды ЭЫДҰ стандарттарымен үйлестіру мақсатында Еуропалық Одақ, АҚШ және Жапония елдерінің энергия тиімділігі бойынша техникалық құжаттар мен стандарттарды жинау және талдау жүргізілді.
Талдау көрсеткендей, Қазақстанда белгіленген нормативтер болат прокат, алюминий, глинозем, ферросилиций, ферросиликомарганец, катодты мыс сияқты өнімдерді өндіруге энергия ресурстарын жұмсауға қатысты ЭЫДҰ елдерінің нормативтерінен төмен екені анықталған.
Пікірлер