Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан "Қазан Экспо" халықаралық көрме орталығына келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақорда сайты Президенттің көрмеге барғанын мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVI саммиті өтіп жатқан "Қазан Экспо" көрме орталығына келді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин күтіп алды", делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның БРИКС-ке мүше болмайтыны туралы айтқан едік. Мүше болу-болмауы күдік-күман тудырған.