Қазақстанда болып кеткен Дуров Францияда ұсталды

1138
Adyrna.kz Telegram
Фото: TechCrunch /Flickr
Фото: TechCrunch /Flickr

Франциядағы Ресей елшілігі 24 тамыз күні Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуровтың ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. . Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігі жазды.

Деректерге сенсек, оның жанында құрбысы және оққағары болған.

Павел Дуров Париж маңындағы Ле-Бурже әуежайында ұсталған. Францияға кәсіпкер жеке бизнес-джетімен Әзербайжаннан ұшып барғаны айиылды.

Бұған дейін ол Францияда іздеу жарияланған адамдар тізімінде болған.

«Құқық қорғау органдары Telegram-да модерацияның жоқтығы және жергілікті қызметтермен ынтымақтасуға құлықсыздық Дуровты есірткі саудасына, балаларға қарсы қылмыстарға және алаяқтық схемаларға сыбайлас етеді деп санайды» деп хабарлайды жергілікті TF1 телеарнасы.

Vc.ru мәліметінше, осы жаңалықтан кейін миллиардерге тиесілі Toncoin криптовалютасының құны 10% бетер төмендеп кеткен.

Кейбір БАҚ тағылған айыптар бойынша ол 20 жылға дейін сотталуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

X әлеуметтік желісінің иесі, кәсіпкер Илон Маск та Павел Дуровтың Францияда ұсталуына қатысты пікір білдірді.

«Міне, бірінші түзетудің (АҚШ Конституциясына) жарнамасы. Ол өте сенімді», - деп жазды ол Дуровтың тұтқындалуына жауап ретінде.

Маск сонымен қатар 2030 жылға қарай Еуропада мемді әзілдері үшін өлім жазасына кесілетінін де мысқылдап жоққа шығармады.

Павел Дуров — бірнеше жылдан бері Франция азаматы. Дегенмен соңғы жылдары негізінен Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып келді.

Еске сала кетейік, Дуров осыған дейін Қазақстанда да болып кеткен еді.

Пікірлер