Такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал желіге жарияланды

1207
Adyrna.kz Telegram

Астанада такси қызметтерінің біріне жолаушының көңілі толмаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Такси жүргізушісі жолаушымен болған жанжалды ұялы телефон камерасына түсіріп алған.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға сәйкес оқиға Астана қаласыдағы Жеңіс көшесі, 72-үйде болған.

Кадрларда жолаушыны дұрыс мекенжайдан түсірмеген соң жанжалдың туғаны көрсетілген.

Астана полиция департаменті жолаушы мен такси жүргізушісі арасындағы жанжал туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.

"Жүргізуші мен жолаушы полиция бөліміне жеткізілді. Екі тарап бір-бірінің үстінен арыз жазды. Жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді", - делінген хабарламада.

Бейнеде жолаушы әйел адам мен жүргізуші ер адам боғауыз сөздерді қолданып, дауласқан.

Пікірлер