LRT құрылысын жалғастыру үшін көшедегі көлік қозғалысы бір жылға шектеледі

998
Adyrna.kz Telegram
Фото: liter.kz
Фото: liter.kz

Астанада Сығанақ көшесінде 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін көлік қозғалысы толықтай шектеледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы «City Transportation Systems» (CTS) баспасөз қызметіне сілтеп.

Бұл шектеу LRT-ның жаяу жүргіншілерге арналған аспалы өткелдерін салуға байланысты енгізілді.

CTS ресми мәлімдемесіне сәйкес уақытша шектеулер Сығанақ көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі мен Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне Түркістан көшесі бағытына қарайғы оң жақ бұрылысына енгізілген.

«Құрылыс жұмыстары LRT-ның №112-ден №118-ге дейінгі станцияларының аумағында жүргізіледі. Жергілікті тұрғындарға және жүргізушілерге өз маршруттарын алдын ала жоспарлап, шектеулерге түсіністікпен қарау ұсынылады. Жолдағы ыңғайсыздықты азайту мақсатында балама бағыттарды пайдалану жөнінде кеңес беріледі», — деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Барлық құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін көшедегі көлік қозғалысы қайта қалпына келтіріледі.

Пікірлер