Ақтаулық жастардың тегін таратылған құлаққапқа таласуы дүрбелеңге ұласты

1228
Adyrna.kz Telegram

Ақтауда тегін таратылған құлаққаптарға таласқан жеткіншектер тапталып қалды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде Ақтауда орын алған жасөспірімдердің “тегінге таласқан” дүрбелеңінен видео тарады.

Маңғыстау облысының полициясы ұялы байланыс компанияларының бірі құлаққаптарды тегін таратуды ұйымдастырғанын хабарлады.

«Осы іс-шараны құзырлы органдарға хабарламастан өткізген ұйымдастырушының жеке басы анықталып, бұл фактіге қатысты барлық қажетті құжаттар жинақталып, кінәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады полиция.

Пікірлер