Ақтауда ұшақ апатынан көз жұмған ұшқыштың қызы жазба жариялады

1193
Adyrna.kz Telegram
Фото: minval.az
Фото: minval.az

Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағының ұшқышы Игорь Кшнякиннің қызы әлеуметтік желіде әкесіне арнап жан тебірентер жазба қалдырып, жұртты тебірентті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Әзербайжындық БАҚ-қа сілтеп.

minval.az сайты қыздың жазбасын жариялады.

"Әке, сен мен үшін батырсың. Сен әрқашан жүрегімде қаласың, сен өзіңді құрбан етіп, ондаған адамның аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадың. Сен өте мықты едің, мен әрқашан әкемнің осындай болғанына мақтанып өтем. Сен өте көңілді адам едің, әрқашан біз үшін бәрін жасадың. Ең керемет әкесің! Жұмақ төрінде боласың деп үміттенемін", - делінген жазбада.

Айта кетейік, Әзербайжан министрі ұшақ апатына себеп болуы мүмкін нұсқаны айтқан болатын.

Пікірлер