"Түрікмен әуе жолдары" Мәскеу бағытындағы рейстерін бір айға тоқтатты

1472
Adyrna.kz Telegram
Фото: gladysliu.com
Фото: gladysliu.com

"Түрікмен әуе жолдары" әуе компаниясы Мәскеуге рейстерін тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әуе рейстері бір айға тоқтатылды.

"Түрікменстан әуе компаниясы Ашхабад - Мәскеу - Ашхабад бағыты бойынша тұрақты рейстер 2024 жылғы 30 желтоқсаннан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін тоқтатылғанын хабарлайды", - делінген компания таратқан мәлімдемеде.

Тоқтатылған рейстерге алынған билеттердің ақшасы жолаушыларға толық көлемде қайтарылады.

Осыған дейін Qazaq Air әуе компаниясы 2024 жылдың 28 желтоқсанынан 2025 жылдың 27 қаңтарына дейін Астана - Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін уақытша тоқтататынын мәлімдеген.

"Рейстерді тоқтату Ресейге ұшудың тұрақты қауіп-қатер бағасын ескере отырып, жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды. Әуе компания Омск және Новосибирск қалаларына ұшуларын жалғастырады, себебі олар қазіргі уақытта QAZAQ AIR қауіп-қатер бағалауының критерийлеріне сәйкес келеді. Екатеринбургке ұшуларды қайта бастау қауіп-қатер бағалауының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады", - деп хабарлаған еді компания.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер