Ақтөбеде дауыл салдарынан үйлердің шатыры ұшқан

1443
Adyrna.kz Telegram
Фото: Мой город
Фото: Мой город

Ақтөбе облысында қатты дауыл соғып, ондаған үйге зақым келтіргені белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы “Мой Город” басылымына сілтеп.

Оқиға 9 тамыз күні Ойыл ауданының Көсембай ауылында болған. Қатты жел электр желілерінің тіректерін, қоршауларды құлатып, үйлер мен ғимараттардың шатырын ұшырған.

«Ауылдың астаң-кестеңі шықты деп айтуға болады. Сиырлар өкіріп, қойлар бақырып... Мал далаға қашты. Бағаналар құлап, ауылды қою қараңғылық басты. Ең бастысы, адамдар тірі. Жел басылғаннан кейін жұрт көшеге шығып, құлаған шатырлардың астында қалған малды шығарып алды», - дейді тұрғындар.

Ақтөбе облысы әкімдігі Қайыңды ауылдық округінің Көсембай ауылындағы қатты желдің салдарынан 51 ғимараттың, оның ішінде 35 үйдің шатыры зақымданғанын хабарлады.

Пікірлер