Жер сілкінісі қатері. Жапония премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

1440
Adyrna.kz Telegram
 Фото: kantei.go.jp
Фото: kantei.go.jp

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға жоспарланған сапарын тоқтатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Жапония елшілігінің мәліметінше, өз еліндегі жер сілкінісіне байланысты премьер-министр Фумио Кишиданың Қазақстанға сапарын тоқтату туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады жұма күні Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін 8 тамыз күні Жапонияда магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болған еді. Аймақта жаңа жер сілкінісі қаупі әлі де бар. Сондай-ақ цунами қаупі бар екені хабарланды.

Айта кетейік, Кишиданың Қазақстанға ресми сапары 9-10 тамыз күндері болуы керек еді. Жапония Министрлер кабинетінің басшысы «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысуды, ал 10 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер жүргізуді жоспарлаған болатын.

 

Пікірлер