Париж Олимпиадасы. Жабылу салтанатында Қазақстан туын кімдер ұстайды?

3665
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі бүгін өтеді. Салтанатта Қазақстан туын кімдер алып шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ойындардың жабылу шарасында ел туын ерлерден таеквондошы Батырхан Төлеуғали мен әйелдер арасында көркем гимнастикадан ел намысын қорғаған Эльжана Таниева алып шығады.

Спортшы Батырхан Төлеуғали Парижде 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездесіп, жеңілді. Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет ретінде тіркелді. 18 жастағы спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы екенін еске саламыз.

Ал Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында төрт жаттығудың қорытындысы бойынша финалға өте алмады.

Пікірлер