Париж Олимпиадасы: Өзбекстан спортшылары 8 алтын алды

1843
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Өзбекстан спортшылары Париж Олимпиадасында 8 алтын алып, 13-ші орынға жайғасты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Париж Олимпиадасында көрші елдің спортшылары 8 алтын, 2 күміс, 3 қоланы еншіледі.

Еркін күресші Разамбек Жамалов алтын иеленді. Келесі алтынды Өзбекстан құрамасына боксшы, әлем чемпионы Әбдімәлік Халоков иеленді.

Сондай-ақ, халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, Баходир Жалолов екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

Таэквондо WT бойынша Өзбекстан құрамасының өкілі Светлана Осипова Олимпиада ойындарында ерекше көзге түсті. Спортшы бұл спорт түрінен ел тарихында бірінші болып Олимпиада ойындарында жүлдегер атанды.

Осылайша Өзбекстан құрамасы тек бокстан емес, бірнеше спорт түрінен сынға түсіп, үздік нәтижені көрсетті.

Париж Олимпиадасында 39 алтын, 27 күміс, 24 қоланы Қытай еншілеп, көш бастаған. Ал 38 алтын, 42 күміс, 42 қолаға қол жеткізіп, екінші орынға жайғасқан АҚШ мемлекеті болды. Үштікті Австралия мемлекеті қорытындылады. Елдің қоржынында 18 алтын, 18 күміс, 14 қола бар.

Ал Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында жүлдегерлер кестесінде 41-ші орынға жайғасты. Ел спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қоланы қанжығалады.

 

Пікірлер