Павлодар облысында 12 жасында босанған жасөспірімнің мектепте оқуын жалғастыратыны айтылды

1058
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында сәбилі болған 12 жастағы оқушы қыз оқуын мектепте жалғастыратыны айтылды. Бұл туралы Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Нәсімжан Оспанова айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берген Оспанова кәмелетке толмаған күдіктінің психиатриялық ауруханада жатқанын айтты.

«Павлодарда болға аталмыш жайт өте сирек кездеседі, бұл жағдайды мектеп мұғалімдері байқап, оған психологиялық, медициналық көмек қажетін айтып дабыл қақты. Зорлау фактісі үйде, жақын туысының тарапынан болған. Сонымен қатар күдіктінің кәмелетке толмағаны белгілі болды. Жағдай 2023 жылдың қазан айында орын алған. Кәмелетке толмаған адам психиатриялық ауруханада жатыр, бұл іс балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында” деп түсініктеме берді Оспанова.

Оспанова 12 жасар қыздың өзі де мектепте оқуын жалғастыратынын айтты.

«Психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі. Соның ішінде балалардың білім алу құқығы Конституциямен қорғалады», - деп түйіндеді комитет төрағасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысында 12 жастағы оқушы қыз зорлық құрбаны болып, жүкті болып қалғанын жазған едік.

Пікірлер