ForteBank Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында «Batysminiralsu» ЖШС жаңа зауытының ашылуын қаржыландырды. Компания SARTAY брендімен минералды, емдік және асханалық бөтелкедегі суды шығарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Өндіріс қуаты сағатына 5 мың литр суға дейін бағаланады, ол жер асты көзінен құйылады.
Жаңа кәсіпорынның пайда болуы әлеуетті инвесторлар үшін аймақтың тартымдылығын арттырады. БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтың айтуынша, бұл жыл басынан бері төртінші жоба.
«Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында өңірлерде инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын іске қосу мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Бүгінде облыста 60 адамға тұрақты жұмыс орны бар осындай минералды су өндіретін зауыт іске қосылды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін 2,5 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл зауыт төртінші жоба. Зауыттың халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етудегі маңызын бағаламау мүмкін емес.
Инвестиция тартудың маңыздылығы – жаңа жұмыс орындарын ашу. Біздің міндетіміз – осындай ірі жобаларды жүзеге асыру. Ағымдағы жылдың соңына дейін шамамен 700 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда», - делінген Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің сөзін келтірген облыс әкімдігінің сайтында.
«Batysminiralsu» ЖШС зауыт құрылысын 2022 жылы бастаған. Серіктестікте табиғи ауыз суы және емдік минералды суы бар екі құдық бар. Кешен заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен, оның ішінде бірегей және пайдалы микроэлементтің табиғи құрамын сақтау үшін ұңғыма суын мұқият тазарту жүйесімен жабдықталған. Пайдалы қасиеттері мен микроэлементтері, сондай-ақ натрий, калий, кальций, магний сияқты минералдардың көп болуына байланысты суды санаторийлердің, диспансерлердің, емдеу мекемелерінің қажеттіліктеріне пайдалануға болады. SARTAY суының сапасы мен қауіпсіздігі көптеген зерттеулер арқылы расталған және ISO 9001, 22000 халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.
«Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысу аясында компания ForteBank-тен жылына 20,75%-бен қаражат алды, оның 13,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды. Кәсіпорын бөтелкедегі су мен алкогольсіз сусындарды құю зауытын салуға және технологиялық құрал-жабдықтар алуға қаражат жинады.
«Жаңа кәсіпорындардың ашылуы отандық және шетелдік инвесторлар үшін өңірдің тартымдылығын арттыруға серпін береді. Бұл сонымен қатар жаңа жұмыс орындарының ашылуы, салық төлемдері және жалпы облыстың экономикалық дамуы деген сөз. Өз тарапынан ForteBank елдегі ең ірі банк ретінде мұндай жобаларды өз қаражаты есебінен де, мемлекеттік бағдарламалар аясында да қаржыландырып, бұл үдеріске қатысады. Жаңа «Batysminiralsu» зауытын қаржыландыру біздің банк арқылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы жүзеге асырылды. Біздің банктің таңдауы біздің корпоративтік несиелеу нарығындағы берік ұстанымымызды растайды. Зауытқа барған кезде мен бұл кәсіпорынның ауқымы мен келешегін өзім бағалай алдым. Кәсіпорынның табысты дамуы мен оның өнімдерінің танымалдылығының артуына байланысты минералды су тек облыстағы дүкен сөрелерінде ғана емес, Қазақстанның басқа қалалары мен елді мекендерінде де пайда болады деп сенеміз», - деп атап өтті ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматов зауытты аралаған соң.