“Бұл – қылмыстық іс!” Заңгер Жанна Уразбахова Әйтеновтың іс-әрекетіне қатысты ойымен бөлісті

1380
Adyrna.kz Telegram

Заңгер Жанна Уразбахова Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің отбасына жасаған әрекетіне қатысты полицияның берген ақпаратына шүйлікті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Қайдағы әкімшілік іс??? Оның әрекетінде денсаулыққа қасақана зиян келтіру және озбырлық бар! Бұл қылмыстық құқық бұзушылықтар! Ол өзі бұл үй өзінікі емес екенін айтты. Бұл оның досына тиесілі екен, сонда ол онда не істеп жүр, әйел мен балаларды мәжбүрлікпен қуып отырғаны қалай?» – дейді заңгер Жанна Уразбахова оқиғаға қатысты полицияның берген хабарламасын сынап.

Уразбахова желіде бөліскен полиция түсініктемесінде «әкімшілік іс қозғалды» делінген. Марат Әйтеновтің өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды, дене күшін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі бұрынғы жұбайы А.-ға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасында болғанын хабарлады. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтенов бұрынғы әйелі мен балаларын үйден күштеп қуып шыққан болатын.

Пікірлер