Шымкентте экс-әкімнің ағасы әйелі мен бала-шағасына полицияның көзінше күш көрсеткен

1579
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық әйел күйеуінен қысым көріп, оның физикалық күш қолданып, балаларымен бірге үйінен қуып жібергенін айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық Дана Әтешова есімді әйел 12 шілде күні бұрынғы күйеуі мен оның сенімді адамдары тәртіп сақшыларының ілесуімен оны үйінен қуып шықпақ болғанын хабарлады. Әтешова парақшасында экс-күйеуінің оны аяғынан күштеп сүйреп, үйдің босағасынан қуып шыққанын көрсеткен бейнелерді жариялады. Тағы бір кадрлардан беті аузы қан-жоса болған балаларды полиция қызметкерлерінің үйден алып шығып бара жатқанын байқауға болады.

Әтешованың жазбаларының астындағы пікірлерде желі қолданушылары жағдайға сырттан қарап тұрған ер-адамдар мен полицияның әрекетсіздігіне наразылықтарын білдірді.

Бұған дейін Әтешова бұрынғы күйеуінің (Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы) үстінен бірнеше рет шағымданған. Оның айтуынша, 2020 жылы күйеуімен сенімхат арқылы заңсыз ажырасқан. Осыдан кейін, Әтешованың айтуынша, ер адам балаларды асырау үшін ақша беруден бас тартты. Сотта жеңіске жеткеннен кейін де ол ең төменгі соманы ғана төлеген.

Отбасы бұрынғы күйеуінің досының иелігіндегі үйде тұрады, бірақ шын мәнінде әйелдің айтуынша, мүлік бұрынғы күйеуіне тиесілі. 2022 жылы сот оны балаларымен бірге үйінен шығару туралы шешім қабылдады.

Бейнежазбаларға жауап ретінде Астана полициясы жеке сот орындаушыларының тұрғын үйден шығару туралы сот шешімін орындау барысында бұрынғы ерлі-зайыптылардың арасында жанжал орын алғанын хабарлады.

«А.-ның бұрынғы күйеуіне қатысты физикалық күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп қосты полиция.

Пікірлер