ТӨРЕГЕЛДІ ШАРМАНОВ: Бала әрдайым әкесінен озық болуы тиіс

1827
Adyrna.kz Telegram
фото: SN.kz
фото: SN.kz

Баланың ата-анаға қамқорлығы тамақ беріп, күтім жасау ұғымының төңірегінде ғана болмауы керек. Ол - өте төмен ұғым. Баланың әке-шешеге қамқорлығы ұғымын терең түсінген абзал.

Перзентіңнің елге пайдасы тиіп, абыройлы болса, ар-ұятын сақтап әулетке сөз келтірмесе – міне, перзенттің ата-баба жолына адалдығы, қамқорлығы осы. Ал әке-шешені киіндіру, тамағын беру, күтімін жасау, қаражат тауып, асырау деген қарабайыр ұғым. Ол баланың ата-анасы алдында атқарар табиғи міндеті. Соған ғана байланып қалмау керек.

Әкенің баланы асырауы – пер­зентінің бойына ізгілік дәнін егіп, ел мен жердің нағыз азаматы болып қалыптасуына еңбек сіңіруі. Ал баланың әкені асырауы – перзенттің өз ортасында түзу жүріп, адалдық туын жықпауы, адами қасиеттерді биік ұстауы, абыройлы болуы.

­Жалпы эволюция нені талап етеді? Кейінгі ұрпақтың мықтырақ болуы табиғат заңы. Өсу бар болғанда ғана эволюциялық даму бар. Сондықтан да бала әрдайым әкесінен озық болуы тиіс.

Ұрпақ жалғастығы, эволюцияның басты қағидасы кейінгі ұрпақтың менен әлдеқайда мықты ­болуында.

 

Toregeldy Sharmanov

 

 

 

Пікірлер