Аяғы сынған. Алматыда ер адам ұлымен төбелескен 8 жастағы баланы соққыға жыққан

1596
Adyrna.kz Telegram

17 шілде күні Алматыда ер адам ұлымен төбелескен 8 жастағы баланы соққыға жыққан. Бұл туралы жәбірленушінің әкесі әлеуметтік желіге видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“17 шілде күні сағат 18.00-19.00 аралығында менің 8 жастағы ұлым аулада ойнап

жүрген. Ойнап жүріп көрші баламен ерегісіп қалады. Сол көрші баланың әкесі келіп баламды аяусыз, қатыгездікпен басынан 2-3 рет ұрып соққыға жығады. Ұлым алған соққыдан басы айналып құлап, орнынан тұрған сәтте, сол аяғынан самокатпен ұрады.

Көшеде өтіп бара жатқан адамдар ұлыма жақтасып, аман алып қалды. Сол жерде баласымен өтіп бара жатқан ана, баламды агрессиямен, ұрып қорқытып, айқайлап жатқанын ер адамды көріп видеоға түсіріп, ұлымды үйге жетектеп алып келді” делінген жазбада.

Алынған соққыдан 8 жастағы ер баланың аяғы сынған.

“Алынған соққыдан баламның аяғы сынды. Денесі көгеріп, қол аяқтары сырылған. Қатты күйзеліске ұшырады.

Ұлым еркін күрестен ҚР турнирлерінің чемпионы. Бапкеріміздің үміт артқан спортшысы. Тізе сынғандықтан, енді спортқа бара алмайды.

Баламның болашағың, қаншама тер төккен еңбегін тартып алды”, делінген жазбада.

Пікірлер