ДУЛАТ БӘКІШЕВ: Империяның ойынан арылу қажет. Өз пікірімізді қалыптастыру керек

1472
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Моңғолия Қазақстаннан кейбір салада біраз алда келеді.

Себеп: өз Тарихын, орнын, жүрер жолын Халық түсінді.

Енді жаңыла қоймайды.

Бізден Өзбекстан жақын арада озбайды.

Моңғолия озды. Озады.

Біз өзімізді өзіміз әлі анық түсіне алмай отырған Ұлы халықпыз.

Тарих өз жайына қалды.

Оны басқа елдің тілінде тыңдайтын, оқитын, жазатын болдық.

Олай Тарих зерттелмейді.

Ғылым олай дамымайды.

Өнбейді.

Империяның ойынан арылу қажет.

Өз пікірімізді қалыптастыру керек.

Осыған бізде: тәжірибе, дерек, әдебиет, жыр, өнер.. қысқасы МӘДЕНИЕТ жеткілікті.

Асып, тасып жатыр.

Жеткіліксізі: СЕНІМ.

Өз Тарихын еркін ел ғана жаза алады.

Сонда ғана Болашаққа жол айқара ашылады.

Басқаның, адамның не империяның ойы - пікіріне негіздеп, өз жолыңды ешқашан таба алмайсың.

Адам да солай.

Халық та солай.

Бұған Әлемдегі Ғылым куә.

 

Dulat Bakishev

Пікірлер