Мәсімов кешірім сұраған соң. Президент рақымшылық комиссиясының құрамын өзгертті

1302
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда президент жанындағы рақымшылық жасау комиссиясының құрамы өзгерді. Мемлекет басшысының тиісті жарлығы нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 шілдедегі Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мына өзгерістер енгізуді қаулы етті:

— жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кешірім жасау жөніндегі комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жанна Бейсентайқызы Асанова (келісім бойынша), заң ғылымдарының докторы Индира Оралқызы Әубәкірова (келісім бойынша) енгізілсін;

— аталған комиссия құрамынан А. И. Лукин мен Т.Е.Қаудыров шығарылсын.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Рақымшылық жасау мәселелері жөніндегі комиссия кешірім жасау туралы материалдарды алдын ала қарау үшін 1992 жылғы 25 қаңтарда құрылған және Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті жанындағы рақымшылық комиссиясы ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың өтінішін кері қайтарған болатын.  Бұл туралы комиссия мүшесі Марат Бәшімов мәлімдеген болатын. Оның есімі жоғарыдағы құрамнан шығу туралы тізімде аталмады.

Пікірлер