ШЫҰ саммиті қарсаңында Астанада отшашу атылады

379
Adyrna.kz Telegram
Фото: ex-news.com
Фото: ex-news.com

Елорда күні мен ШЫҰ саммиті қарсаңында Астанада 3 шілде күні ботаникалық бақта отшашулар атылады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Отшашу шамамен 22:00 мен 22:30 арасында атылады. Фейерверк жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылып отыр.

Қауіпсіздік шаралары үшін алдын ала, 3 шілде, сағат 19:00-де дайындық болады. Ботаникалық бақтың аумағы жартылай жабылады. Бұл қоршау азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет.  Отшашуды жақын маңдағы аудандардан, соның ішінде Ұлытау саябағы аумағынан тамашалауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді.  Концерт соңында ұшқышсыз жарық шоуы жоспарланып отыр. Дрон көмегімен ұйымтастырылатын шоу шамамен уақыты сағат 22:15-22:30-де болады.

Пікірлер