«ШЫҰ елдерінің ынтымақтастығы энергетикалық ресурстарды дамытуға көмектеседі»

1178
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

ҚСЗИ-дың Азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Әлішер Тастенов Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясы және бұл бағыттағы серіктестіктің маңыздылығы жайында өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

“Энергетика саласындағы байланысты нығайту мәселесі Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сәйкес министрлерінің төртінші кеңесі кезінде талқыланды. Нәтижесінде энергетикалық ынтымақтастықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының жобасын мақұлдады.

Біріншіден, бұл әр түрлі елдердің электр желілерін интеграциялау арқылы барлық қатысушылардың мүдделеріне жауап беретін тұрақты және сенімді энергетикалық жүйені құру. Ол үшін ұйымның барлық қатысушыларына энергияның тұрақты және сенімді жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ электр энергиясын өндіру, жаңартылатын энергия көздері саласындағы ауқымды инвестициялық жобаларды салу мәселелері пысықталуда.

Сонымен қатар ШЫҰ елдерінің ынтымақтастығы энергетикалық ресурстарды дамытуға және өндіруге, оның ішінде көмірсутек шикізатын өндіруге инвестициялар тартуға бағытталған. Тағы бір басымдық ғылыми-техникалық бастамалар, инновациялық технологияларды қолдану және кадрларды даярлау саласындағы белсенді өзара іс-қимыл.

Айта кету керек, ШЫҰ энергия ресурстарының ірі өндірушілерін, жеткізушілерін және тұтынушыларын біріктіреді. Сондықтан Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясын қысқа мерзімді перспективада энергетикалық қауіпсіздікті нығайту мақсатында барлық мүдделі тараптар қарастырып, мақұлдады. Ол ШЫҰ елдерінің энергетика саласын дамытудың озық бағыттарын ауқымды түрде қамтиды”, деді ол,

Пікірлер