«Әйелдерді қуантқан тағдырым бар». Мұхамеджан Тазабек көп әйел алу туралы пікір білдірді

1154
Adyrna.kz Telegram

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Instagram желісіндегі парақшасында көп әйел алу жайлы ойын айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Көп әйелділік - Алла рұқсат берген, бірақ жауапкершілігі өте зор шешім. Ең керегі - әділдік. Содан соң сабыр, қаражат, даналық, білім, денсаулық қажет. Адам сапасы кеткен қоғамда отбасының да сапасы оңай болмай тұр. Өтірік күліп, іштей жылап жүрген әйел де, еркек те жетеді. Әйел табамын-ау, бірақ өзімнен әділдік табамын ба? Күйеу табасың-ау, біреу тағдырыңа сүйеу табасың ба? Тағдыр деген, нәсіп деген нәрсе бар... Елдің бәрі сұлтан Сүлеймен емес, Сүлейменнің бәріне Хюррем сұлтан нәсіп бола бермейді. «Қанша су ми болса да, сусар бөрік тазда бар» деп Есенқұл ақын айтқандай кейде жапалақ жарғанатқа үйленіп, кейде жылан алтынды құшақтап жатады. Өмір ғой. Әр отбасы - жеке сынақ, дара жауапкершілік. Менде бұл жағынан сынақ біреу. Не болса да басқа жар ала алмадым. Алла бойдақтарды отбасылы етіп, барлық отбасыларға ынтымақ, береке, ізгілік нәсіп етсін! Кімге қандай тағдыр нәсіп етсе де, ең бастысы еркектер езілмесін, әйелдер қорланбасыншы»,— деді ол.

Желі қолданушылары Мұхамеджан Тазабекке «Қанша әйеліңіз бар?» деген сауал жолдады.

«Әйелдерді қуантқан тағдырым бар»,—деп жауап берді айтыскер ақын.

Пікірлер