Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында 310 метрлік туннель табылды

417
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстан-Қазақстан шекарасында контрабандашыларға тиесілі ұзындығы 310 метрлік жерасты тоннелі анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Бұл туралы Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) мәлімдеді. 

“Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері Шекара қызметі және «Ташкент-Аэро» мамандандырылған кеден кешенінің қызметкерлерімен бірлесіп Өзбекстаннан сапасы кепілденбеген дәрілік заттарды заңсыз әкелумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. Қазақстан арқылы Үндістанға, яғни Дели-Ташкент-Алматы рейсі бойынша дәрі-дәрмек партиясы жеткізіліп, одан кейін туннель арқылы Қазақстанның Түркістан облысының Сарыағаш ауданынан Ташкент аймағына жеткізілгені атап өтілді” делінген сайтта.

Тәртіп сақшылары қылмыстық топ мүшелерінен айғақ ретінде Үндістанда өндірілген Альбумин, Ремдесивир, Меропенем сияқты 107 атаудағы 17 048 есірткіні тәркіледі.

Ұзындығы 310 метрді құрайтын туннельде контрабандашылардың жүк тасымалдауға арналған арбалары бар және тіпті желдету жүйесі орнатылған.

Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Пікірлер